Доктор Берг тренировкадан кейін денені, соның ішінде, жүректі қалпына келтірудің (восстановление) маңыздылығын түсіндіреді. Жүрек қағысын жүктеменің (нагрузка) алдында және одан кейін санап салыстыру арқылы жүректің жаттығу жасауға дайындығын анықтауға болады. Егер тесттен сәтті өтсе, видеода көрсетілген интенсивті жаттығуларды қолдануға болады.
Өз атымыздан майды жағатын арнайы жаттығулардың болмайтынын атап өткіміз келеді. Организмнің майды энергия көзі ретінде қолдануы жаттығудан кейін қалпына келтіру процесінде өздігімен реттеледі.