Персональный фитнес тренер дипломын
FPA Ресейлік Фитнес Кәсіпқойлар Қауымдастығында оқып алды.
Ұлттық Интегративті медицина, нутрициология және health-коучинг мамандарының қауымдастығының мүшесі.
Эксперттік бағыты - нутрициология, физкультура, күш жаттығулары. Асқар салауатты өмір салтын ұйымдастыру бойынша жеке кеңестер береді, корпоративтік клиенттерге тренингтер мен ретриттер өткізеді.
"Менің офистағы қызметім 2004 жылы Big 4 аудит компаниясында басталды. Банкте, консалтинг, ұлттық және квазимемлекеттік компанияларда жұмыс жасадым.
Корпоративтік әлемге тән заңдылықтар бар – ең мықты, яғни дені сау адам ғана ұзағынан жұмыс жасай алады. Жобалар, дедлайндар, бір орында отыру – бәрі біртіндеп адамның ішкі ресурстарын тауысып тастайдыі. Big 4 аудиторы – соның жарқын мысалы: жас бола тұра, бірақ биологиялық тұрғыдан – толықтай шаршаған, сығылып қалған лимон сияқты.
Статистика бойынша елімізде жұмыс істейтін халықтың 70% – офис қызметкерлері. Сіздерге үлкен құрмет пен алғыс. Көп жылдан бері сіздердің еңбектеріңіздің арқасында бизнес, салалар мен қоғам дамып келеді. Енді өзіңіздің денсаулығыңызға инвестиция жасайтын кез келді. Сізде 10, 20, 30 жылға арналған ұзақ өмір сүру Стратегияңыз болу керек.
Егер ұзақмерзімді жоспарыңыз жоқ болса немесе іске асырылмай жатса – біз сізге көмектесуге дайынбыз".
JUST DO IT